СҚО полицейлерін қолдаған бейнеклип интернетте кеңінен таралуда

СҚО полицейлерін қолдаған бейнеклип интернетте кеңінен таралуда

Карантин кезінде СҚО полицейлерінің жұмысы туралы бейнеролик үш күн ішінде Instagramдағы ҚР ІІМ аккаунтында 33 мыңнан астам қаралған. Тәртіп сақшыларының қызметтің күшейтілген түрінде жұмыс істеп жатқандарына бір ай болды. «Обаға қарсы» костюмдерде блокбекеттердегі 12 сағаттық кезекшіліктер, көшелерді патрульдеу, оқшаулаудағы адамдарға карантин жағдайын түсіндіру... Бейнеролик қатары осындай «күнделікті» оқиғалардан құрылған.

Саундтрек – Тайынша ауданы Полиция бөлімінің полиция майоры Сайран Жапаровтың қызы Әмина Жапардың орындауындағы отандық рок жанрында аты аңызға айналған Виктор Цойдың әйгілі «Кукушкасына» кавер.

Талантты жас әнші әнін тәулік бойы қауырт жұмыста жүрген әкесінің әріптестеріне арнайды.

Әминаның дарыны «Бала дауысы» мен «Аялаған Астана» байқауларының әділқазыларынан лайықты өз бағасын алған, ол – Юрмалада өткен «Новая детская волна» халықаралық конкурсынының көрермен көзайымы сыйлығының иегері. 13 жасар қыз әртістік, вокалдық қабілетін келеді. Өзгелермен қатар ол да тәртіп сақшыларына өнерімен қолдау көрсетуде. Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері өз клиптерін дайындады. Проблемалық отбасылармен жүргізілетін күнделікті жұмыстан басқа, олар сағат 23-ке дейін қала көшелерінде патрульдеуде болады, тұрақты түрде түнгі рейдтерді өткізеді. Күнделікті жауапкершілікті сезіне отыра олар осы қиын уақытта өз әріптестеріне қолдау көрсеткілері келді. Олар «Біз біргеміз», «Благодарим вас за то, что спасаете жизни», «Еңбектеріңізге мың алғыс» қолдан жасалған плакаттары бар балаларының фотоларын жинады. Бұл фотолардан олар мобильді қосымшада «Біз біргеміз» әнімен көпшілікке белгілі болған роликке монтаж жасады. СҚО аса белгілі Instagram әлеуметтік желісінде клип 3 мыңнан аса қаралған. Өз ер азаматтарын патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жұбайлары да қолдау көрсетті. Отбасылық фотосуреттер мен толық оқшаулауда өз әкелерін асыға күтіп отырған балаларының бейнеүндеулерінен құралған 6 минуттық фильм пайда болды.

«Қызметкерлер өз отбастарына жеңілдік жасамайды, - дейді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. — Облыс тұрғындарын карантин шартын сақтауға шақыра отыра, өз туыстарынан соны талап етеді. Бүгінгі таңда полиция үш ауысымдық режимде қызмет атқаруда. Күшейтілген жұмыс халықты індетті жұқтыру қаупінен қорғауға бағытталды. Погон таққан әкелер мен аналар өз балаларын сирек көреді. Полиция қызметкерлеріне қолдау көрсеткен және олардың күрделі жұмысына түсіністікпен қараған жандарға алғыс білдіремін».

СҚО ПД баспасөз қызметі