СҚО-да толық емес 1 ай ішінде 40-тан астам интернет-алаяқтық тіркелді

СҚО-да толық емес 1 ай ішінде 40-тан астам интернет-алаяқтық тіркелді

Полицейлер қылмыстың осы түрінің алдын алуды тұрақты негізде жүргізеді. Радио мен жергілікті телеарналардың эфирінде, әлеуметтік желілерде, халықпен кездесулерде - тәртіп сақшылары адамдарға жалпы алдау схемалары туралы ескертеді.

Соңғы кездері құрбандары әдетте қарт адамдар болатын алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Оларға туыстарының жол-көлік апатына кінәлі екендігі туралы қоңырау шалынады және қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін белгілі бір адамға немесе ұсынылған шотқа үлкен ақша аудару керектігі жеткізіледі.

"Барлық зейнеткерлер әлеуметтік желілерді пайдаланушылар болып табылмайды және радиода танымал арналарды тыңдайды", — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мадияр Харипов. - Аға буын өкілдерін профилактикамен тығыз қамту үшін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның ХҚКО және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Петропавлдағы филиалдарында кезекті түсіндіру акциясын өткізді. Келушілерге жадынамалар таратылып, алаяқтық амалдарынан қалай қорғану керектігі түсіндірілді. Негізгі кеңес қарапайым: кез-келген ақпаратты ресми арналар арқылы тексеру қажет. Егер алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырса - полицияға қоңырау шалыңыз, мұндай қызметкерлердің жұмыс істейтінін, шынымен де жол-көлік оқиғасы орын алғандығын тексеріңіздер. Туыстарыңызға хабарласыңыздар, олардың жағдайлары жақсы екеніне көз жеткізіңіздер".

Полицейлер облыста 6 ай ішінде 342 интернет-алаяқтық тіркелгенін атап өтті — өткен жылы сол кезеңде 403 факт орын алды. Шілде айында СҚО-да тағы 40-тан астам осындай қылмыс орын алды. Ең жиі кездесетіні - "банктен қоңырау шалу" және интернет арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлемді талап ету. Полицейлер түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, адамдардан қарт туыстары мен таныстарын қауіптілік туралы ескертуді сұрайды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia