
СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына Петропавл тұрғыны дәстүрлі емес "емдеумен" айналысып жатқандығы, сондай-ақ діни насихат жүргізетіні туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру кезінде ақпарат расталды. Тәртіп сақшылары 44 жастағы қала тұрғыны "Ата жолы" оккульттік-мистикалық діни ағымының ізбасары екенін анықтады. Ол тұрғылықты жерінде емшілікпен айналысқан. Әйел адамға қатысты "Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру" әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 489-бабының 10-бөлігі бойынша материал жиналды.
"Заңның бұл нормалары адамдарды деструктивті идеологияның ықпалынан қорғау үшін қабылданған", — деп атап өтті СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы. — Дәстүрлі емес діни практикаларға сенім арту, тіркелмеген немесе тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысу психика үшін орны толмас зардаптарға, отбасы мен мансаптың бұзылуына әкелуі мүмкін. Біз адамдардан тек ресми діни дереккөздерге сенуді сұраймыз".
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia