Солтүстік Қазақстан полицейлері Оралдан чемпиондар болып оралды

Солтүстік Қазақстан полицейлері Оралдан чемпиондар болып оралды

20-22 шілде аралығында Орал қаласында "Динамо" ДШСҚ мен ҚР ІІМ Х ведомствоаралық спартакиада бағдарламасында Президенттік көпсайыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Онда елдің барлық аймақтарының полицейлері қатысты.

Барлығы 29 команда өнер көрсетті, олар погондардағы 150-ден астам спортшыны біріктірді. Олар Макаров тапаншасынан ату, жүзу, граната лақтыру, сондай-ақ қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру жарыстарында бақ сынасты.

СҚО полиция департаментінің қызметкерлері табанды күресте жалпы командалық 1-ші орынға ие болды.

Солтүстік өңірдің командасының құрамында СҚО ПД аппаратының қызметкерлері Олег Гурский, Дмитрий Шварц, Александр Хакимов және Элдос Сыздықов болды. Олардың ішінде Дмитрий мен Александр жеке есепте бірінші, Олег екінші орынға ие болды. Бұл - солтүстікқазақстандықтардың жалғыз жетістігі емес. Жарыс нәтижелері ҚР Құқық қорғау органдары, күш және арнайы құрылымдар қызметкерлерінің ведомствоаралық спартакиадасы есебіне алынды. Онда Дмитрий Шварц та бірінші орынды иеленді.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia