
Петропавл полицейлері билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікті еске салады.
Мұндай фактілердің басым көпшілігі қоғамдық тәртіпті бұзушылардың медициналық тексеруден өтуге құлықсыздығымен байланысты. Мысалы, түн ортасында Кирпичный көшесіндегі жанжалқой патрульдік көлікке отырудан бас тартты. Сол күні таңертең Астана көшесінен куәландыру үшін жеткізілген тағы бір петропавлдық облыстық наркологиялық орталықтың ғимаратына барудан бас тартты. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабы бойынша хаттамалар жасалды. Баптың санкциясы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды, құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда — 15-тен 20 тәулікке дейінгі қамауға алуды білдіреді.
"Жарты жылдың ішінде облыс орталығында осындай 195 факт тіркелді, — деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Рүстем Тасболатов. - Сондай-ақ, медициналық куәландырудан өтуден жалтарған жүргізушілер үшін ҚР ӘҚБтК 613-бабының 4-бөлігі көзделгеніне назар аударамыз. Олар үшін жаза 15 тәулікке қамауға алу және 8 жылға басқару құқығынан айыру — мас күйінде басқарғаны үшінн бір жылға артық. 6 ай ішінде ҚР ӘҚБтК 613-бабы 4-бөлімі бойынша 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындары мен қонақтарын заңды қатаң сақтауға шақырамыз".
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia