СҚО полицейлері бейнероликте көліктер ең көп жүретін жолдың қауіптілігі туралы айтып берді

СҚО полицейлері бейнероликте көліктер ең көп жүретін жолдың қауіптілігі туралы айтып берді

Ұзақ бұрылыс, көтерілу және түсу, жануарлардың жолға шығып кету қаупі — жол қауіпсіздігіне көптеген факторлар әсер етеді. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері әлеуметтік желілерге арналған бейнеролик түсіріп, "Астана — Петропавл" автожолының авариялық қауіпті учаскелері туралы айтып бердң. Бұл - облыс аумағындағы көліктер ең көп жүретін жол, мұнда жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі жоғары.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерді қандай қауіптер күтіп тұрғанын жақсы біледі. Мысалы, Чапаево мен Астраханка ауылдарының арасында жабайы жануарлар жиі жолға шығады. Содан кейін жүргізушілерді ұзақ бұрылыс күтеді-кейбіреулер мұнда өзге көліктерді басып озуға тырысады, бірақ мұндай әрекеттер қайғылы жағдайға әкеліп соғатын фактілер көп. Сонымен қатар, жайылымдар жолға жақын орналасқан, жол бойында үй жануарларының пайда болу қаупі бар. Жыл басынан бері Астраханка мен Аралағаш арасында 4 апат орын алып, 11 адам зардап шекті. Әрі қарай трассада көтерілулер мен түсулер, жаяу жүргіншілер өткелдері, апаттар саны статистикалық жоғары учаскелер бар. Облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметімен бірлесіп, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері трассаның күрделі бөліктерін видеоға түсіріп, олар туралы толық айтып берді.

"Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында қозғалыс қарқындылығының жоғары болуына байланысты апаттылықпен күрделі жағдай қалыптасуда, - дейді СҚО ПД ППБ командирі полиция майоры Валихан Оразалин. – Жаз мезгілі - демалыс уақыты, адамдар демалысқа, туыстарына, көбінесе бүкіл отбасыларымен бірге барады. Сонымен қатар, трассада көптеген транзиттік көліктер бар. Бұл бейнеэкскурсия жүргізушілерге біздің аймаққа саяхаттауда көмектеседі деп үміттенеміз. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларына әкелетінін ұмытпауларыңызды сұраймыз. Оларды қатаң сақтаңыздар, бұл сіздің жолдағы қауіпсіздігіңіздің ең сенімді кепілі".

Жыл басынан бері СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдарда барлығы 28 ЖКО орын алып, 11 адам қаза тауып, 64 адам жарақат алды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #дорбез #дтп #ддтт #мвд #кап #qriim