18 тұрмыстық құқық бұзушылықты Петропавл полицейлері зорлық-зомбылық құрбандарының мәлімдемесінсіз анықтады

18 тұрмыстық құқық бұзушылықты Петропавл полицейлері зорлық-зомбылық құрбандарының мәлімдемесінсіз анықтады

Жанжал шығарды, жұбайына қатысты дөрекі сөз айтқан. Бірге тұратын адамның бетіне соққы берген. Жұбайының ішінен ұрған. Анасына қатысты дөрекі сөздер айтқан. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша полиция хаттамаларынан алынған жалпы тұжырымдар. Петропавлда мұндай құқық бұзушылықтардың орташа есеппен тәулігіне 4-тен 7-ге дейін фактілері тіркеледі. Жыл басынан бері тұрмыстық жанжалдар бойынша сотқа 242 әкімшілік іс жіберілді. Оның 115-і тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Көптеген жағдайларда жәбірленушілер өтініш жазудан мүлдем бас тартады. Бұл үйдегі жанжалқойлардың жазасыздық сезімін тудырады және көбінесе жағдайдың нашарлауына әкеліп соғады.

"Бұл тәжірибені тоқтату — ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістердің мақсаты", — дейді Петропавл қ. ПБ бастығының м. а. полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. — Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатты, бір жыл ішінде қайта татуласу мүмкіндігі болмайды, осындай фактілерді тіркеу жүгіну сипатынан анықтау сипатына көшті. Шілде айының басынан бастап Петропавлда учаскелік инспекторлар пәтерді аралау шеңберінде жәбірленушілердің өтінішінсіз 18 отбасылық жанжалды анықтады. Олар негізінен мас күйінде жасалады. Құқық бұзушыларға ескерту немесе қамауға алу түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Естеріңізге сала кетейік, бұрын жанжал үшін қамауға алу мерзімі 1-ден 5 күнге дейін болған. Ендігі кезекте жаза қатаңдатылды, егер қамауға алу қолданылса, жанжалқойлар үйге 5 күннен кейін ғана оралады".

Тәртіп сақшылары заңнаманы қатаңдату әуесқойларды отбасылық мәселелерді жұдырықпен шешуден бас тартуға ықпал етеді деп сенеді. Сондай — ақ, 1 шілдеден бастап облыс орталығының полициясына тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 92 өтініш келіп түсті, жыл басынан бері - 242. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап қалада 9 тұрмыстық қылмыс тіркелді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізілуде.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia