СҚО-да балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін 1600-ден астам ата-ана жауапқа тартылды

СҚО-да балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін 1600-ден астам ата-ана жауапқа тартылды

"Түнгі қаладағы балалар" - осындай атаумен жедел-профилактикалық іс-шара 17 шілдеде бүкіл республика бойынша бастау алды. Солтүстік Қазақстан облысында іс-шараға күн сайын 400-ден астам полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдардың өкілдері жұмылдырылды. Басты міндет-кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ювеналды полицейлер мен білім бөлімінің мобильді топтары түнгі көшелерде кенеттен рейдтер жүргізеді; адамдар көп жиналатын орындарды, үйлердің аулаларын тексереді. Сағат 23-тен кейін Петропавлдың орталық мәдениет және демалыс саябағына кіре берісте жастардың шағын тобы байқалды. Тексеру көрсеткендей: олар 18 жаста толмаған болып шықты. Нәтижесінде оқиға орнына ата-аналары шақырылды; әкімшілік хаттамалар жасалды және профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сол түні Қазақстан Конституциясы – Назарбаев көшелерінің қиылысында тағы екі кәмелетке толмаған қыз байқалды. Бұл жерге олардың заңды өкілдері шақырылып, ескерту жазылды. Бір түнгі рейд қорытындысы бойынша қалалық полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандар тарапынан барлығы 7 құқық бұзушылықты анықтады. Тәжірибе көрсеткендей: уақтылы алды алынған құқық бұзушылық көбінесе қайғылы салдардан аулақ болуға көмектеседі.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Розбах атап өткендей, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі болып табылады. Жыл басынан бері облыс полицейлері осындай профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді; 360-тан астам рейдтер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 1603 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл салынған кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 522 ата-ана жауапқа тартылды. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа ата-ана құқығынан айыруға 72 материал жіберілді, оның 36-сы қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда полиция органдарында 32 кәмелетке толмағандар есепте тұр. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 170 ата-ана есепте тұр.

Ювеналды полицияның профилактикалық жұмысы мен түнгі рейдтері мектептегі жазғы демалыс аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia