СҚО полицейлері “Жолда қабылдау” акциясы кезінде 520-дан астам сауалға жауап берді

СҚО полицейлері “Жолда қабылдау” акциясы кезінде 520-дан астам сауалға жауап берді

СҚО полицейлері екі күндік "Жолда қабылдау" акциясын өткізді. Оның басымдығы - жол қауіпсіздігі мәселелерін шешу болды. Желі қолданушыларының сұрақтарына жетекші полиция қызметтерінің басшылары мен тәжірибелі қызметкерлері жауап берді. Байланыс әлеуметтік желілердің тікелей эфирлерінде және халықпен жиындарда, аудандарға шығуларда жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 520-дан астам адам тәртіп сақшыларына жүгінді.

Өзекті тақырыптардың қатарында - автокөлікті заңдастыру мәселесі. Полицейлер бүгінде облыста шетелдік есепте тұрған 8717 автокөлік заңдастырылғанын, 17 шілдеден бастап уақытша тіркеуге құжаттарды қабылдау басталатынын еске салды. Күрделі жағдайлар жеке тәртіппен шешілді. Мысалы, акцияның бірінші күні әлеуметтік желіні пайдаланушы шетелдік тіркеуі бар автокөлік туралы сауал жолдады, оған Қазақстан соты шектеу қойған. Деректер базасын тексеру барысы қазіргі уақытта шектеулер алынып тасталғандығын көрсетті. Полицейлер еске салады: көлік құралдарын тіркеудің барлық мәселелері бойынша СҚО тұрғындары арнайы ХҚКО-да немесе қауырт желіде 8 (7152) 32-00-22 телефоны бойынша кеңес ала алады.

Акцияның екінші күні Петропавл жол желісінің нақты учаскелері бойынша, мысалы, жаңа бағдаршам нысандары туралы көптеген сұрақтар келіп түсті. Тәртіп сақшылары әрбір жаңа объектінің жұмысы мұқият талданатынын, қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізілетінін, жергілікті атқарушы органдардың атына жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде ұсыныстар жіберілетінін түсіндірді.

"Бөлімше басшыларының адамдармен тікелей байланысы полиция мен қоғамның кері байланысын нығайтады, — дейді СҚО ПД бастығының м.а. полиция полковнигі Қанат Айтбаев. — Бұл тәжірибе адамдардың заңды құқықтары мен мүдделеріне басымдық бере отырып, жұмыстың сервистік моделіне көшуіне ықпал етеді".

#СҚОПДЖолдақабылдауШілде2023
#ДПСКОПриемнаянадорогеИюль2023