Ауыл тұрғындары телефонды қайтарғаны үшін учаскелік полиция қызметкеріне алғыстарын білдірді

Ауыл тұрғындары телефонды қайтарғаны үшін учаскелік полиция қызметкеріне алғыстарын білдірді

СҚО Қызылжар ауданы ауылдарының бірінде учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Садуов 3 сағат ішінде баланың ұмытып кеткен телефонын іздеп тауып, қайтарып берді.

Иесінің қызы "Redmi" телефонымен ойнап, оны үйінің алдында қалдырып кеткен, содан кейін ол ұялы телефонның жоғалып кеткенін байқаған. Отбасы учаскелік полиция инспекторына жүгінді. Полиция аға лейтенанты Садуов бұл көшеде көптеген ауыл тұрғындары малды табыннан алу үшін келіп жүретінінен хабардар еді. Олардың біреуі бала ұмытып кеткен гаджетті алып кетуі мүмкін еді.

Мәселені тез шешуге көрші үйлердің біріндегі бейне камера көмектесті. 3 сағат ішінде полиция қызметкері оқиғаның ықтимал кінәлісін анықтады. Ол телефонды аман-есен қайтарып берді, ал телефон иесі полицияға арыз жазбауға шешім қабылдады. Телефонның иесі учаскелік инспектордың кәсіпқойлығын Петропавл жұртшылығының арасындағы танымал парақшасында жариялады: "Менің кәмелетке толмаған қызымның ұялы телефонының жоғалғаны туралы үндеуіне жедел жауап берген учаскелік полиция инспекторы Садуовқа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Көп рахмет. Бізде осындай қызметкерлер бар екеніне өте қуаныштымыз".

Полицейлер адамдардан мұқият болуды және өз мүлкінің сақталуына қамқорлық жасауды, балаларға да соны үйретуді сұрайды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары бейнебақылаудың тиімділігін атап өтіп, мүмкіндігінше үй маңындағы аумақтарды камералармен жабдықтауды ұсынады. Олар қылмыс жасау қаупін азайтады және көп жағдайда олардың тез ашылуына ықпал етеді.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia