СҚО-да қызметтік иттер жыл басынан бері 165 қылмысты ашуға көмектесті

СҚО-да қызметтік иттер жыл басынан бері 165 қылмысты ашуға көмектесті

Полиция жұмысында иттің өткір иісті сезіну қабілеті жоғары технологиялар дәуірінде де сұранысқа ие болып қала беруде. Бүгінде СҚО полиция бөлімшелерінде 48 қызметтік-іздестіру иттері бар. Оның 24-і - облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ұсталады. Едәуір бөлігі — 16 қызметтік-іздестіру иттері - іздестіру жұмыстарына оқытылған. Олардың ішінде неміс овчаркасы Альфа, осы бағыттағы үздіктердің бірі. Өткен айда ол Петропавлдық зейнеткерге ұрланған металды қысқа мерзімде қайтарып беруге көмектесті. Жер үйдің ауласындағы ұрлық орнынан із алып, Альфа қаланың үштен бір шақырымын жүріп өтіп, жедел-тергеу тобын металл қабылдау пунктіне әкелді. Ұрланған металл тәркіленіп, иесіне қайтарылды, сол күні жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Жыл басынан бері СҚО-дағы "төрт аяқты полицейлер" 72 ұрлықты ашуға көмектесті.

"Қаңтар айынан бастап түрлі іс — шаралар барысында 342 қызметтік-іздестіру иттерін қолдану жүзеге асырылды, - деп хабарлайды СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығы бастығының м.а. полиция капитаны Болат Бекмағамбетов. — Олардың көмегімен 165 қылмыс ашылды. Оның ішінде 8 қылмыс - есірткінің заңсыз айналымымен байланысты. Соңғы жылдары қызметтік иттер синтетикалық есірткіні іздеу үшін белсенді қолданылады. 6 айда ішінде олар 764 грамнан астам осындай заттарды алуға көмектесті. Айта кету керек, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану аясы кеңейіп келеді. Мысалы, олардың 2-і қазір одорологиялық жұмыс желісі бойынша дайындалуда-олардың көмегімен иіс сараптамалары жүргізілетін болады".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia