Карантинде тұрғындар үйлерінде өзін-өзі оқшаулап отырған уақытта СҚО полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін бақылауға алды. Мұндай сипаттағы бұзушылық саны артпады. Сәуірдің 1-і мен 24-і аралығында облыста отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 2 қылмыс пен 59 құқық бұзушылық тіркелді. Ал наурыз айының осы кезеңінде 7 қылмыс пен 71 құқық бұзушылық орын алды. Десе де, тәртіп сақшылары өзін-өзі оқшаулау кезінде ішімдікке салыну, әйелдердің бірге тұрып жатқан ерлерінен зардап шегуі сияқты проблемалардың тыйылмайтынын жақсы біледі. Ерлерінен қысым көретін әйелдер бұл туралы полицияға ашық айтуға асықпайды. Облыстық аппарат пен қалалық полиция басқармасында осы сұрақтармен айналысатын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы жұмыс істейді. Бұл бөліністің қызметкерлері қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, аталған мәселені шешуде кризистік орталық мамандарының көмегі зор. Көмек сұрап келетін әйелдер мұнда жарты жылға дейінгі мерзімге қалуына болады. Оларға психологиялық, құқықтық көмек көрсетіледі. Әрі қосымша мамандықты иегеруге көмектеседі. Сәуір айында мұнда облыстың екі тұрғыны мен екі бүлдіршін пана тапты.
Сәуір айының басында полицейлер 39 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған кризистік орталыққа орналастырды. Ондағылар әйелді таниды, өйткені бұған дейін де ол сол орталықта болған, бірақ бір аптадан соң кетіп қалған. Бұған оны қалыптасқан әдеті мен бірге тұратын ер адаммен бөліскен ішімдікті асыра пайдалануға бейімділігі итермелеген. Полицейлер мен кризистік орталықтың қызметкерлеріне әйелдің өз өмір салтын өзгертуі және ерікті түрде ішімдікке тәуелділіктен емделуге шешім қабылдар алдында бір емес бірнеше рет профилактикалық әңгімелесу өткізуі қажет болған.
«Бұл ол жасай алатын ең жақсы шешім. Тәжірибе көрсеткендей, алкогольді ішуден бас тарту – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жаңа түрлерін болдырмауға мүмкіндік беретін ең жақсы әдіс, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах. – Жалпы алғанда, сәуір айында облыс полицейлері отбасылық жанжалдарға байланысты 115 қорғау ұйғарымын шығарды. Соттар 44 рет құқық бұзушылардың тәртібіне ерекше талаптар қойды. Барлық отбасылық жанжалқұмарлар профилактикалық есепке алынды, учаскелік полиция инспекторлары олармен бірге тұрғылықты жерінде үнемі жұмыс жасайды...».
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс жалғасуда және оларға көмектесудің жаңа тәсілдері жасалуда. Мәселен, жасырын жүгінудің жаңа жобасы енгізілуде. Учаскелік инспекторлар дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінің сатушыларымен келіседі, олар өз кезегінде келген әйелдерден белгілі бір құпия сөзді естігеннен кейін полицияға проблемалар туралы хабарлауға дайын. Әдеттегідей, 39-48-56 (Петропавлдағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы) және 8-715-2-39-48-56 (Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы) телефондары, сондай-ақ «102» арқылы қиын жағдайда әйелдерге көмектесуге дайын. Сонымен қатар, WhatsApp мессенджеріндегі 8-708-432-45-61 нөмірі бойынша Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының маманынан кеңес ала аласыз.
СҚО ПД баспасөз қызметі