
Жедел уәкілдер күн жылысымен маусымдық қылмыстар санының артқанын айтуда. Велосипед ұрлығы «көктемгі-жазғы» санатындағы қылмыстардың бір түрі болып табылады. Бүгінгі нарықта бұл көліктің сан алуан түрі кезедеседі. Көздің жауын алатын бұл көлікті міну әр баланың араманы. Балаларын қуанту үшін көптеген ата-аналар қыруар қаражатын аямай жайып салады. Жедел уәкілдер тұрғындарға велосипедті бірден қарап шығып, ұялы телефонға фотоға түсіріп алуға кеңес береді. Өйткені оның сыртқы түрін ғана емес, сыры түскен, майысқан жерлерін және басқа да ерекше белгілерін суретке түсіріп, смартфонға сақтап қойған абзал. Көлігіңіз қолды болған жағдайда бұл суреттер оны тез арада «ізін суытпай» табуға көмектеседі.
Өндірушілер кейбір велосипедтерде (рамасында, басқышында) құжаттарда көрсетілетін нөмірлік белгілерді соғып жазады. Бұл нөмірдің фотосуреті мен сақталған құжаттардың көмегі зор. Көпқабатты үйлердің тұрғындары қос дөңгелекті көліктерін түрлі жолмен сақтайды. Кейбір үйлердің кіреберісі велосипедтерге, шаналарға, балалардың қол арбаларына толып тұрса, енді бір тұрғындар бұл үшін арнайы орын бөліп оны темір тормен қоршап, мықты құлып іледі. Әрі бейнекамераны осындай орындарға келтіріп орналастырады. Мұндай үйлерді ұрылар айналып өтуге тырысады.
Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Думан Сабыржанов жуырда облыс орталығында қымбат бағалы екі велосипед ұрланғанын айтты. «...Бірінші жағдайда Интернациональная көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінің алдында қаңтарулы тұрған жап-жаңа велосипедті сол жерден өтіп бара жатқан ер адам алып кеткен. Ол оралған тросты оп-оңай қия салған. 48 мыңның велосипедін бірінші кездескен адамға 10 мың теңгеге сатып жіберген...
Ал екінші қымбат велосипед Зайсан ықшам ауданының тұрғынынан ұрланып, 11 мыңға сатылған... Жедел уәкілдер осындай фактілерді ашу кезінде бұрын бірнеше мәрте істі болған 1981 жылы туған петропавлдықты ғана емес, оның қолынан осы велосипетерді сатып алған адамдарды да анықтады. Көліктер тәркіленіп алынды. Ұрының қолынан көліктерді сатып алған қала түрғындары ақшаларын қайтару үшін азаматтық тәртіпте тек сотқа жүгіне алады...».
Жедел уәкілдерден тағы бір кеңес: төмен бағамен ұсынылған заттарды алуға асықпаңыздар. Өйткені оның артында криминалдық сипат болуы мүмкін.
Иелердің өздері барлық сақтық шараларын қабылдаулары керек: егер ортақ сақтау орындарын ұйымдастыру мүмкін болмаса, велосипедтерді есігі жабылатын тамбурларға немесе пәтерлерге кіргізіп қою қажет. Кіре беріске қойған кезінде екі доңғалақты орай отыра, бірнеше түрлі құлыптары бар жоғары сапалы ұрлыққа қарсы трос қолданыңыз. Хименко көшесіндегі үйлердің бірінде қаскөйлер велосипедтің алдыңғы дөңгелегін ұрлаған...
Егер конструкциясы жеңіл болса, барлық алынбалы бөлшектерді үйге алған дұрыс. Мұндай ұсақ-түйек амалдар көп уақыт өткізуден аулақ ұрылардан сақтайды. Қалада дүкендерге бару керек болса, велосипедтерді троспен бекітіп, камерадан көрінетін аумаққа қою керек. Мұның бәрін біз велосипедтерді ұрлау мәселесін тағы бір рет анықтау және бәріне ұнайтын көлік түрінің қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңес беру үшін жаздық. Жыл басынан бері Петропавлда 16 велосипед ұрлығы тіркеліп, оның 10-ы ашылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі