"Әр үйде домбыра ілініп тұруы керек!" – Петропавлдық полиция қызметкері өзінің сүйікті аспабы туралы

"Әр үйде домбыра ілініп тұруы керек!" – Петропавлдық полиция қызметкері өзінің сүйікті аспабы туралы
Полиция қызметінің күнделікті өмірінде хоббиге уақыт табу оңай емес, бірақ кейбір қызметкерлер уақыт табады. Петропавл қ. ПБ уақытша ұстау изоляторының айдауылдаушы-полицейі полиция старшинасы Раушан Баймұқанова домбыраның құлағында ойнайды. Ол бала кезінен әкесімен бірге теледидардан айтыс пен терме тыңдайтын. Сол кезден бері халық музыкасына әуес болған. Ежелгі аспаптың дыбыстары жас жүректі жаулап алды, 6-сыныпта оқып жүрген кезде ол ата-анасынан домбыра сатып алуды өтінген. Ол кезде домбыраның бағасы 23 рубль болған. Сол уақытта қомақты ақша еді. Оқушы кезде сатып алынған аспап оған көп жыл бойы қызмет етті. Бұл домбырамен ол мектептің іс-шараларында және ауыл тұрғындарының алдында өнер көрсеткен. Ауыл кітапханасында балаларға музыка мен би үйреткен Күлзәбира апайын ерекше ықыласпен еске алады.

Қазір Раушанның ішкі істер органдарында 18 жыл еңбек өтілі бар. Ол әлі күнге дейін туыстары мен жақындарын ұлттық әндерімен қуантады, іс-шараларда өнер көрсетеді. Ол қазақтың қара домбырасымен Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойында да ән шырқады. Раушан домбырасын қолына жиі алып тұрады.

"Қазақстан күнтізбесінде домбыра күні пайда болған кезде менің қалай қуанғаным есімде. Бұл күнді әр жолы үлкен қуанышпен қарсы аламын. Домбыра – біздің көңіл-күйімізді, жанымыздың жағдайын жеткізетін, маңызды мәселелерді көтеруге мүмкіндік беретін ұлттық аспабымыз. Жерлестерімді осы тамаша мерекемен құттықтаймын, біздің домбырамыз әр үйде ілініп тұрса деймін, жерімізге бейбітшілік пен үйлесімділік әкелсін деп тілеймін", – дейді Раушан.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia