1 шілдеге дейін СҚО тұрғындары 8215 шетелдік автокөлікті заңдастырды

1 шілдеге дейін СҚО тұрғындары 8215 шетелдік автокөлікті заңдастырды

Қазақстанда шетелдік есепте тұрған көлік құралдарын заңдастыруға өтінім беру мерзімі аяқталды. СҚО полицейлері бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде бірнеше рет еске салды. Жуырда тәртіп сақшылары шетелдік нөмірлері бар көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге заңдастыру мерзімі туралы еске салды. Түсіндіру жұмыстары "Автокөлік" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі шеңберінде де жалғасын таппақ. Ол 1-16 шілде аралығында өткізіледі. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өтініш берген автокөлік жүргізушілеріне осы кезеңде барлық тиісті процедуралардан өту керектігін ескертеді. 2023 жылғы 17 шілдеден кейін өздерінің шетелдік көліктерін заңдастыру немесе оларды уақытша есепке қою туралы ойламаған жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230-бабы бойынша жауапқа тартылатын болады.

"Бүгінгі таңда облыста шетелдік есепте тұрған 8215 автокөлік заңдастырылды, оның 145 — і "конструкторлар", яғни ҚР-на қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген көлік құралдары, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. - 1 шілдедегі жағдай бойынша жария етуге 405 өтінім берілді. Бүгіннен бастап тіркеу елінде шектеулері бар және есептен шығарылмаған көлік құралдарын уақытша есепке қою үшін құжаттар қабылданатын болады. Бүгінгі таңда мұндай көліктерге 100-ге жуық өтінім қабылданды".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia