СҚО-да полицейлер "ақылды" технологиялардың көмегімен 108 жол ережесін бұзушыларды іздеп тапты

СҚО-да полицейлер "ақылды" технологиялардың көмегімен 108 жол ережесін бұзушыларды іздеп тапты

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобымен "интеллектуалды" бейнежүйелер мен "Мегакам.Қорғау" қосымшасы арқылы жол ережесін кезекті қасақана бұзушы анықталды.

Мамыр айында шетелдік есепте тұрған "ВАЗ-21114" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Петропавл көшелерінде 5 бұзушылыққа жол берді. Олар жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйелерінің көмегімен анықталды. Көлік туралы деректер "анықталмаған жүргізуші" базасына енгізілді. Іздестіру тобы "Мегакам.Қорғау" жүйесін пайдаланып, іздеуде жүрген автокөлікті анықтады. Жүргізуші жылдамдықты асырғаны және сақтандыру полисінсіз көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.

"Қазіргі заманғы техника — полиция жұмысында сенімді көмек", — деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - 5 ай ішінде іздестіру тобының қызметкерлері шетелдік есепте тұрған, автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық құралдармен тіркелген ЖҚЕ жүйелі өрескел бұзушылықтары бар көлік құралдарының 108 жүргізушісін ұстады. Осы бағыттағы жұмыс жүргізушілердің тәртібін арттыруға және ауыр зардаптармен ЖКО қаупін азайтуға ықпал етеді".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia