Дәрігерлер, полицейлер, әскери қызметкерлер қазір эпидемияның таралуына қарсы күресте алғы шепте тұр. Бақытымызға орай, күш-жігерімізді біріктіре отыра, ең бастысы карантин шараларын шыдамдылықпен ұстанып отырған облыс тұрғындарының арқасында пандемияға қарсы тұрудамыз. Қазір барлық азаматтардың қауіпсіздігі үшін арнайы режимде жұмыс істеп жатқан полицейлерге кейбір азаматтар наразылықтарын білдіріп жатса да, көпшілігі түсіністік танытып, ризашылықтарын білдіруде.
«Мен екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасым да полиция қызметкері болды. Өкінішке орай, қызмет барысында қайғылы жағдайда қайтыс болды. Үлкен ұлым 8-сыныпта оқиды, биыл қызым мектепке барды. Қазір барлық балалар сияқты олар да оқуларын онлайн оқуда. Әрине, олар үшін жаңа жүйені өздеріне меңгеру қиындық туғызады. Үлкені кішіге көмектеседі, менің уақытым жоқ, өйткені қазір біз жұмыстың күшейтілген түріне көштік, патрульдеуге шығамыз. Анам – зейнеткер, ол да ерекше күтімді қажет етеді », - дейді Айгүл Сәбитова. Полиция майоры Полиция департаментінің облыстық аппаратында жұмыс істейді. Төтенше жағдай режимінде барлық полиция бөліністері патрульдеуге тартылады. Күнделікті негізгі міндеттерімен қатар олар қазір облыс орталығының көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет етуде. «Біздің міндетіміз – адамдарды жазалау емес, түсіндіру және көмектесу. Біз бәріміз карантин жағдайында алғаш рет жұмыс істеп, өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Адамдар да ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін толық түсінбейді. Қазір бәріміз мамандардың пікірі мен болжамдарына сенуіміз керек. Осының негізінде қазір біздің алдымызға міндеттер қойылды», - дейді Айгүл, сонымен қатар патрульдеу кезінде адамдар көбінесе полицейлердің жұмысына түсіністікпен қарайтынын атап өтті.
Бұл ретте, әлеуметтік желілерде қала тұрғындарынан осы қиын кезеңде барлық өңір халқының денсаулықтары мен қауіпсіздіктерін бірінші орынға қойып, қызмет атқарып жүрген полицейлердің жасаған жұмыстарына алғыстарын білдіргендерді жиі кездестіруге болады. Жұмыстан қолдарының босамауларына байланысты, өздерінің балаларына және қарт ата-аналарына жеткілікті уақыт бөле бермейтін полицейлер жайлы жазған Светлана Дроздецкаяның пікірі полиция қызметкерлеріне қатты әсер етті. «Карантиннің екі аптасында мен тәртіп сақшыларының дөрекіліктерін бірде-бір кездестірген жоқпын. Күн сайын патруль мені тоқтатады, көшеде не себептен жүргенімді сұрайды және карантиндік жағдайды еске салады. Бәрі өте сыпайы. Бірде полиция жасағы ұлым Платонды аулада тоқтатты. Далаға 10 минутқа шығарып едім, осындай тосынсый орын алды. Олар ештеңе деместен, үйде отырып компьютерде Дота ойнауға кеңес берді. Бәрін адам сияқты түсіндірді, бір жағынан мейірімділік танытты. Шынымды айтсам, бұл мені қатты таң қалдырды. Дөрекілікке, айыппұл төлеуге ұшырау үшін не істеу керектігін және өзіңді-өзің қалай ұстау керектігін білмеймін. Бұл шындық», - деп жазған Петропавл тұрғыны өзінің Facebook парақшасында, сондай-ақ ол бір қала тұрғынының полиция қызметкерін осындай жасауға өзінің итермелегенінің куәсі болғанын айтқан.
«Біздің міндетіміз – лайықты қызмет ету. Полиция департаментінің басшылығы полицияның кешенді күшінің әр таратуында азаматтармен сыпайы және мәдени қарым-қатынас жасау қажеттігін баса айтады. Ал, халықтың білдірген алғыс сөздері, әсіресе қазір ерекше режимде жұмыс істеп жүрген полицейлерге өз міндеттерін жауапкершілікпен және саналы түрде орындауға одан сайын ынталандырады», – деді СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Наталья Калинина.
Динара Сағындықова, СҚО ПД баспасөз қызметі