Петропавлдық полицейлер үй-күйсіз жүргендердің шоғырланатын орындарын күн сайын тексеруде

Петропавлдық полицейлер үй-күйсіз жүргендердің шоғырланатын орындарын күн сайын тексеруде

Петропавл қ. Полиция басқармасы құрамындағы қабылдап-тарату орнының қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша күн сайынғы рейдтерді жалғастыруда. Әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, олардың топтасып шоғырлануын болдырмау – тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдармен жұмыс істеудегі маңызды міндеттердің бірі. Жылу трассалары, құдықтар, қараусыз қалған ғимараттарды – қаңғыбастар жиналады деген барлық орындарды полиция тексереді. «Тексерулер» таңертең басталады, орта есеппен алғанда рейд барысында он шақты қаңғыбас полицияға жеткізіледі. Петропавл қ. ПБ қабылдап-тарату орны бастығының орынбасары полиция майоры Павел Ющенконың айтуынша, карантин енгізілген уақыттан бастап қабылдап-тарату орнына 96 адам жеткізілді, түнеу орнында 131 адам болды.

Қабылдап-тарату орнының қызметкерлері жеткізілгендер туралы мәліметтерді криминалистикалық, жедел-анықтамалық базаларға, басқа да есептерге енгізеді, үйсіздерді іздестіріліп жатқандардың картотекасы бойынша тексереді. Түсіндіру жұмыстары жеке-жеке жүргізілген соң, Жұмысшы кентінің шетінде орналасқан қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының түнеу орнына жіберіледі. Түнеу орны өз жұмысын тек аязды күндер келісімен бастайтын. Ал енді карантинге байланысты 50 адамға шақталған құрғақ және жылы ғимарат есігін қайтадан айқара ашты. Жергілікті атқарушы билік пен жомарт жандардың қолдауымен еріктілер мұндағы адамдарға ыстық тамақ әкеліп тұрады.

Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың тарапынан болатын бұзушылықтарға қатысты сұрақтар бойынша (қаңғыбастардың подъездерде түнеуі, жылу құбырларында топтасуы) қабылдап-тарату орнының кезекші бөліміне 8 (7152) 52-92-89 телефоны арқылы хабарласуға болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі