СҚО полицейлері төрт күн ішінде 17 мас жүргізушіні ұстады

СҚО полицейлері төрт күн ішінде 17 мас жүргізушіні ұстады

Жүргізушілерді көлік құралдарының техникалық жарамдылығына ғана емес, сонымен қатар өз жағдайына да назар аударуға шақыру — мұндай мақсатты автокөлік жүргізушілерінің шаршауын тексеру бойынша түнгі рейдтердің ерекше тәжірибесін жалғастыра отырып, Солтүстік Қазақстан полицейлері алға қоюда. Мұндай рейдтер жедел медициналық жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Олар шаршау белгілерін анықтау үшін қан қысымын, импульсті және қанықтылықты тексереді, демалу туралы ұсыныстар береді. Әлемдік тәжірибеден белгілі болғандай, жүргізушілердің шаршауы ауыр зардаптары бар ЖКО — ның ықтимал себептерінің бірі болып табылады.

Тәжірибелі автокөлік жүргізушілері мұны жақсы біледі. Көкшетаулық жүргізуші Андрей Солтүстік Қазақстан полицейлерінің таңдандырып, өз тәжірибесімен бөлісті: "Алыс сапарларда әр екі-үш сағат сайын демаламын, рөлде тәулігіне 7-8 сағаттан артық емес уақыт өткізуге тырысамын. Өз-өздеріңізге қамқор болыңыздар!"- деп ол жол қозғалысының басқа қатысушыларына жүгінді.

Бұл жолы рейд "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы қарсаңында өткізілді. Ол СҚО аумағында 22 маусымда бастау алды.

"4 күн ішінде облыс жолдарында 1438 жол ережесін бұзу анықталды, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. — Олардың ішінде жылдамдықты асырудың 182 фактісі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетудің 18 фактісі және маневр жасау ережелерін бұзушылықтар бар. 8 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеген. Сондай-ақ, 31 жүргізуші техникалық тексеруден өтпеген көлікті басқарды. Сонымен қатар, 17 мас жүргізуші тоқтатылды. Апаттылыққа тікелей әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Қозғалыстың барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Естеріңізде болсын: азаматтардың өмірі мен денсаулығы сіздердің тікелей жауапкершіліктеріңізге байланысты".


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia