СҚО полицейлері 2600 астам қылмыстық істі электрондық форматта тергеді

СҚО полицейлері 2600 астам қылмыстық істі электрондық форматта тергеді

Қылмыстық істерді электронды форматта жүгізу солтүстікқазақстандық полицейлердің тәжірибесіне нық енді. Электронды іс жүргізу жүйесі өзгешеліктерінің бірі – бұлтартпау шарасын онлайн режимде сотпен санкциялау мүмкіндігі. Ол үшін жабық арна арқылы бейнеконференцбайланыс пайдаланылады. Облыстағы 12 аумақтық УҰИ барлығы қажетті аппаратурамен жабдықталған. Бүгінгі күні Петропавл қ. соты санкция шығарудың виртуалды мүмкіндігін 51 рет, аудандық соттар - 7 рет пайдаланған.

Соңғы мысалдардың бірі: наурызда Мамлютка аудан орталығының 32 жасар мас тұрғыны, масаң күйде көлік тізгіндегені үшін басқару құқығынан айырылса да, көлігімен жеке меншік үйлердің бірінің қоршауын соққан. Анықтаушылар істі электрондық форматта тергеді. Қажетті құжаттар толтырылған соң, бірден қамауға санкция берілді. Әрбір процедура жылдам орындалды әрі қадағалау органдарымен өзара іс-әрекет жасауға қолжетімді болды. Қазіргі уақытта цифрлық іс сотқа тапсырылды. Іс-әрекетінен адам зардап шегуі мүмкін күдікті автомобиль басқару құқығынан өмір бойына, бас бостандығынан 6 жылға дейін айырылуы мүмкін.

«Электрондық қылмыстық іс» процесті жеделдетеді әрі жеңілдетеді, тергеу сапасын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, - дейді СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков. – Облыстық аппаратта істерді цифрлық түрде жүргізу үшін 76 жұмыс орны жабдықталды. Аталған жұмыс орындарында анықтаушылар мен тергеушілер, сондай-ақ өз құзіреті шегінде криминалистер де, әкімшілік және жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері де жұмыс істейді. Жас қызметкерлерді үйрету ұдайы жүргізіліп тұрады, жыл басынан «Е-қылмыстық іспен» жұмыс істеу дағдысын 46 адам игерді».

Жыл басынан «Е-қылмыстық іс» жүйесінде 2631 өндіріс жүргізілді, оның жартысы бірден цифрлық түрде тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізуді толығымен электронды форматқа көшіру жоспарда бар.

СҚО ПД баспасөз қызметі