
СҚО ПД әкімшілік полициясының қызметкерлері ҚР Үкіметінің шетелдік есепте тұрған көлік құралдарын заңдастыруға қатысты шешімін түсіндіру үшін автокөлік жүргізушілерімен кездесті.
1 шілде күні Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру мерзімі аяқталады. Тәртіп сақшылары ҚР Үкіметі осындай автомобильдерді 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу рәсімі бойынша мемлекеттік тіркеуді заңдастыру шарттарында көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету немесе бастапқы тіркеуден өту туралы міндеттемемен жүзеге асыру туралы шешім қабылдағанын жеткізуде. Міндетті талап — 2023 жылғы 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтінім беру.
"Адамдарды күрделі мәселелер қызықтырады — мысалы, егер басқа мемлекеттің аумағында көлік құралына шектеулер қойылса, қалай әрекет ету керек", — деп нақтылады СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. - Қызметкерлер рәсімнен өту тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіруде. Тағы да атап өтеміз: ең бастысы — 1 шілдеге дейін өтініш беруге үлгеру. Заңдастыруға қатысты барлық мәселелер бойынша процессинг орталығының қызметкерлерінен 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефондары бойынша "Қауырт желіден" немесе Петропавл қ., М.Әуезов көшесі, 157, 5 кабинеттен ақпараттарды алуға болады».
Солтүстікқазақстандық автокөлік иелері алынған ақпаратты мессенджерлердің чаттарында дереу таратты. Полицейлердің хабарлауынша, бүгінгі таңда облыста 7495 шетелдік автокөлік заңдастырылған, оның ішінде 88 "конструктор" деп аталатын — ҚР-ға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінгендер.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia