
Петропавл тұрғыны жоғалған телефонды қайтарып беруге көмектескен полицейге алғысын білдірді. 20 маусым күні ер адам гаджетін таксиде қалдырып кеткен. Ол мәдениет және демалыс саябағының жанында болған және бірден сол жерде орналасқан модульдік полиция бекетіне жүгінген. Ер адам көліктің маркасын да, нөмірін де есіне сақтамаған. Кезекшілікте болған полиция аға лейтенанты Бауыржан Жаров таксидің диспетчерлік қызметіне хабарласып, көлікті анықтаған, көп ұзамай ер адамға жүргізуші оған "ұялы телефонды" қайтаруға дайын екені айтылды. Алғашқы қоңырауды ол Петропавлдық полиция қызметкері Бауыржанға алғыс сөздерін білдіру үшін жасады.
Тәртіп сақшылары модульдік бекеттер, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан "SOS" түймелері полиция қызметін халыққа жақын әрі қолжетімді ету мақсатында ұйымдастырылатынын атап өтті. Полицейлер адамдардан өз мүлкінің сақталуына мұқият қарауды, ал қылмыс жасалған жағдайда дереу полицияға хабарласуды сұрайды. Уақтылы жүгіну оқиғалардық "ыстық күйде" ашылу мүмкіндігін едәуір арттырады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia