СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі

СҚО полицейлері Петропавл тұрғынынан 45 грамм мефедрон тәркіледі

Мефедрон – аса қауіпті синтетикалық есірткі болып табылады. «Синтетиканы» сату фактілерінің жолын кесу – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерінің жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Наурыз айында Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар нәтижесінде 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан жалпы салмағы 20 граммды құраған ұнтақ тәрізді зат салынған қара изолентамен оралған 20 полимерлік түйіншек тәркіленді. Куәгерлердің қатысуымен асфальт үстінде ер адамның жанынан тағы осындай 25 түйіншек анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген ұнтақ тәрізді зат 45 грамм мефедрон екені анықталды, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Есірткі жасырды деген күдікпен ұсталған қала тұрғыны осындай қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған, нашақор ретінде есепте тұр. Қазіргі уақытта ол қамауда. Тергеу әрекеттері жүргізілуде».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia