
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 7183 азаматтық қару иесі тіркелген. Қаруды ұрлап кету және оны қолданып қылмыс жасаудың қаупін азайту үшін полицейлер «Қару иесі» акциясын өткізіп жатыр. Оған криминалдық, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі мен басқа да бөліністердің қызметкерлері қатысуда. Акция 7 маусымда басталды. Осы уақытта 1313 қару иесі тексерілді, 58 құқық бұзушылық анықталды, оның 47-сі қаруды сақтау ережелерінің бұзушылықтары, қарудың басқа иелері қаруды қайта тіркеу мерзімдерін өткізіп алған.
«Азаматтық қару мен оған арналған оқ-дәрілер еденге немесе қабырғаға бекітілген қалыңдығы 3 мм. кем емес сейфтерде сақталуы тиіс, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Көбінесе қару иелері сейфтерде қаруға еш қатысы жоқ ақша, бағалы бұйымдар мен басқа да заттарды сақтайды. Бұны істеуге тыйым салынған. Мұның барлығы қарудың қылмыстық ортаға түспеуінің алдын алу және белгіленген талаптарды қатаң сақтау жасалып жатқанын түсіну қажет».
Сондай-ақ акция өткен уақытта екі петропавлдық полицияға тіркелмеген қару әкеліп тапсырды. Біреуі орманда тауып алған 12-ші калибрлі «ТОЗ» тегіс ұңғылы мылтығын тапсырған, екінші қала тұрғыны үйінің жанында травматикалық тапанша жатқанын айтып хабарласқан. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандықтан, олардың екеуі де жауапкершіліктен босатылды.
Қару айналымымен байланысты барлық сұрақтар бойынша облыс тұрғындары Петропавлдағы 8 (715-2) 49-32-34 телефоны арқылы, ал аудандардың тұрғындары полиция бөліністеріне барып кеңестер алуына болады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia