СҚО-да құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үздік гір көтерушілер анықталды

СҚО-да құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында үздік гір көтерушілер анықталды

Гір спорты күш, төзімділік, өз күштерін бағалау қабілетін тәрбиелейді. Бұл құқық қорғау органдарының өкілдері үшін "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасының бесінші түрі болып табылатыны кездейсоқ емес. Погондағы 38 спортшы Петропавлдағы А. Винокуров спорт сарайында жиналды. "Динамо" ДШСҚ облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев оларға жарыстарда табыс тіледі.

Қатысушылар 5 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Олар спортшының дайындығына байланысты салмағы 24 кг немесе 32 кг болатын екі гірді итеріп, бір қолымен жұлқуды орындауы керек еді. Спорттағы сәттілік ҚР Ұлттық ұланы Академиясының курсанттары жағында болды: Дияр Бұрымбаев, Құрмет Ахметов және Алмас Исенов сәйкесінше 60, 70 және 80 кг-ға дейінгі санаттарда үздік атанды. СҚО ПД аппаратының қызметкері Руслан Мукеев 90 келіден жоғары санаттағы ауыр салмақтар арасында 1 орынға ие болды.

Командалық есепте спартакиаданың бесінші түрінің чемпионы болып Ұлттық ұлан академиясы атанды, екінші орынды – СҚО Полиция департаменті иеленді, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы үздік үштікті тұйықтады. Жүлдегер командаларға кубоктар мен грамоталар табыс етілді. Өз салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздарға "Динамо" логотипі бар спорттық форма тарту етілді. 23 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан ҚР спорт шебері Евгений Клочун "Спорттық ұзақ өмір үшін" жеке кубогымен марапатталды.

Алда өтетін спартакиаданың алтыншы түрі — 18-19 шілдеде өткізілетін шағын футболдан жарыс.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia