
Полицейлердің айтуынша, 5 айда облыста 99 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 адам қаза тауып, 148 адам жарақат алған. Бұл ретте жолаушылар көлігінің қатысуымен ЖКО орын алмаған. Апаттың себептері - жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу. Заңсыз тасымалдаушылар бөлек қауіп төндіреді: пайда табу үшін олар ережелерді жиі бұзады. Ағымдағы жылы "заңсыз тасымалдаушылардың" қатысуымен 2 ЖКО тіркелді. Солардың бірінде небәрі 2 жыл жүргізу өтілі бар 20 жастағы "Toyota Alphard" жүргізушісі Қызылжар ауданының аумағында апатқа жол берді. Нәтижесінде 5 адам ауыр жарақат алды, жолаушы әйел қайтыс болды.
"Жергілікті полиция қызметі басқармасы СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізуде, - деп хабарлайды Айдын Байматов. - Жыл басынан бері кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін 21 әкімшілік хаттама жасалды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту-полицияның маңызды міндеттерінің бірі".
Талқылау барысында кездесуге қатысушылар заңсыз тасымалдаушыларды анықтаудың бірлескен алгоритмін әзірледі. Қорытындылай келе, полиция полковнигі Айдын Байматов оң нәтижеге қол жеткізу мүдделі органдар мен жұртшылықтың бірлескен күш-жігерімен ғана мүмкін екенін атап өтті.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia