СҚО-ның шалғайдағы ауданында тұрғын үймен біріктірілген жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

СҚО-ның шалғайдағы ауданында тұрғын үймен біріктірілген жаңа учаскелік полиция пункті ашылды

Облыс орталығынан 350 шақырым жерде орналасқан Ақжар ауданындағы Қулыкөл ауылында тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті ашылды. Жалпы аумағы 90 шаршы метрден асатын екі бөлмелі үй барлық коммуникациялармен жабдықталған. Құрамына екі ауыл кіретін Қулыкөл ауылдық округінің учаскелік инспекторы енді осы қызметтік үйде тұрып, қызметін де атқара алады.

Елді-мекеннің өмірі мен тұрмысына бейжай қарамайтын ауылдықтар осы үйдің құрылысының бастамашысы болған. Олар үшін қызметтік үйдің ашылуы қуанышты жаңалық. Бұрын Қулыкөл мен Қарашілік ауылдарына басқа округтің учаскелік инспекторы қызмет көрсетті. Енді ауылда жаңа полиция пункті қолданысқа беріліп қана қоймай, жаңа учаскелік инспектор да тағайындалды. Бұл қызметке жауапты маман Әділбек Әлжанов қойылды. Ол тұрғындардың арыз-шағымдарына жылдам ден қоя қойып, шаралар қабылдай алады. Осылайша, полиция қызметтері халық үшін қолжетімді болмақ.

Жаңа полиция пунктінің ашылуына облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов, аудан әкімі Қанат Қалиев, аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы, депутаттар, ақсақалдар және жұртшылық қатысты. Объекті бюджеттік қаражаттарға салынған. Маңайды абаттандыруға «Дамир» шаруа қожғалығының жетекшісі Рүстем Мұхамедиев көмектескен. Үйді салуға атсалысқаны үшін оны және ауданның басқа белсенді тұрғындарын, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полицейлер аудан орталығы Талшық ауылында марапаттады. Мұнда Айдын Қабдұлдинов ауылдықтарға облыстағы құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы айтып берді.

Кейін СҚО ПД бастығы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Ол қызметкерлерді тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауға шақырып, азаматтардың сеніміне қол жеткізуге бағдарлады. «Полицияның тиімді жұмысы – міндеттерді адал атқару, тұрғындардың сұрақтарына көңіл қойып, тиісті шаралар қабылдау негізінде ғана іске асады», - деді ол.

Қулыкөл ауылындағы полиция пункті – Солтүстік Қазақстан облысында ашылып отырған учаскелік полиция инспекторының қызметтік тұрғын үйімен біріктірілген сегізінші кеңсе. Осы сияқты қызметтік үйлерді басқа аудандарда да салу жоспарланған.

https://vk.com/album-55111848_293819752

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia