
Петропавлда «интеллектуалды» бейнетіркеу жүйесі тағы бір «жылдам жүргіш» жүргізушіні анықтады. Бейнежүйе 24 мамыр мен 8 маусым аралығында шетелдік есепте тұрған ВАЗ-21101 автокөлігімен жылдамдықты асырудың 56 фактісін тіркеді. Бұл көліктің сақтандыру полисі тіркелмеген. Тәртіп сақшылары оған қатысты «анықталмаған жүргізуші» санаты бойынша мәліметтер базасына бағдар енгізді. Осы сәттен бастап камералар оны автоматты түрде іздеуді бастады. «Мегакам.Қорғау» қосымшасының көмегімен СҚО ПД ЖПҚ басқармасының іздестіру тобының қызметкерлері қысқа мерзімде автокөлікті анықтады.
«Рөлді 29 жастағы петропавлдық тізгіндеген, — деп хабарлайды СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. - Жылдамдық режимін бірнеше мәрте бұзғаны үшін оған 1 млн. 300 мың теңгеден астам сомада айыппұл төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл көлікті сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін салынады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Бұл ретте, 8 маусымнан бастап облыста «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. ЖПІШ 6 күні ішінде әкімшілік айыппұл төлемеген 4745 адам анықталды».
Жыл басынан бері облыста автоматты тіркеудің бейнежүйелері арқылы барлығы 15525 жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Заманауи технологиялар - жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған полицейлердің сенімді құралы.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia