Жүздеген петропавлдық есірткіге қарсы жарысқа шықты

Жүздеген петропавлдық есірткіге қарсы жарысқа шықты

Петропавлда 400-ден астам адам — жас спортшылар мен белсенді қала тұрғындарынан бастап тәжірибелі марафоншыларға дейін – нашақорлыққа қарсылық білдіру және отандастарын салауатты өмір салтына шақыру үшін қала көшелерімен жүгірді.

Іс-шараны СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық әкімдікпен және Петропавл қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараны полицейлерге есірткіге қарсы күресте белсенді көмек көрсетіп жүрген қоғам қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Зәкіржан Мамлютов жүргізді.

Кәсіби фитнес-нұсқаушы өткізген жаттығулардан кейін жарысқа қатысушылар С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананынң жанында жүгіруді бастап кетті. «Петропавл есірткіге қарсы» жалауын қолға алған қатысушылар қаланың орталық көшелерімен 2 км 200 м қашықтықты бағындырды.

Мәре сызығында қатысушыларды сертификаттар мен медальдар күтіп тұрды. Марапаттардың бірі ең кішкентай «спортшы» Имранға бұйырды, 11 айлық бүлдіршінді анасы қолына алып мәре сызығына дейін жүгіріп өтті. Жүгіріп келген қатысушыларға йымдастырушылар «Біз есірткіге қарсымыз» логотипі бар су ұсынды.

«Жеңіл атлетикалық жүгіру 26 маусымда аталып өтілетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне дайындық айлығы аясында ұйымдастырылды», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Салауатты өмір салтын қолдайтын барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Біздің мақсатымыз – барлығына, әсіресе жас ұрпаққа, есірткісіз өмірдің маңыздылығын жеткізу. Айлық шеңберінде басқа да іс-шаралар өткізілетін болады».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia