
Жаз кезінде велосипедшілердің қауіпсіздігі полицейлердің жіті бақылауында болады. Мұндай көлік түрін мінетіндердің көпшілігі – кәмелетке толмағандар. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының көшелерінде кезекті ақпараттық акция өткізді.
Екі дөңгелекті көлік иелерінің барлығы бірдей жол жүрісі қағидалары мен қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Ал бұл – ауыр зардаптармен болатын жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін арттырады. Көбінесе велосипедшілер көше қиылыстарынан немесе жаяу жүргіншілер өткелдерінен өтер кезде велосипедтен жерге түсіп жаяу өту қажет екенін ұмытып кетіп жатады. Кенеттен қатты жылдамдықпен келіп қалған велосипедшіні жүргізушілер уақтылы байқамай қалуы мүмкін. Әрі тежегішті басып үлгермейді.
«Қиылыстар – ең апатты-қауіпті учаскелер екенін түсіну маңызды. 5 айдың қорытындысы бойынша облыста адамдар зардап шеккен 99 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 21 фактісіне жүргізушілердің көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзуы себеп болды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Сондай-ақ акция барысында полицейлер велосипедпен жүруге тек 14 жастан бастап рұқсат етілгенін еске салды, бұл ретте жүргізуші куәлігі болмаса да, жол жүрісі қағидаларын білу және мүлтіксіз сақтау қажет. Жолаушыларды тасымалдауға болмайды, міндетті түрде шлем киіп жүру қажет. Кешке және түнде велосипедпен жүрген кезде жарық шағылыстыратын элементтері бар киім кию керек».
Оқушылардың жазғы демалысы қарсаңында полицейлер мектептер мен колледждерге барып, жол қозғалысының жас қатысушыларына жол жүрісі қағидаларының талаптарын белсенді түрде түсіндірді. 5 айдың қорытындысы бойынша СҚО-да велосипедшілердің қатысуымен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді. Алайда, тәртіп сақшылары бұл жұмыста бәсеңдік танытпай, ақпараттық жұмысты тұрақты түрде жалғастыру қажет екенін айтуда.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia