СҚО тұрғыны жоғалған жылқысын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

СҚО тұрғыны жоғалған жылқысын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

6 маусым күні таңертең Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінді. Ол ауласында жүрген жылқысының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтты. Мал ұрлығы жасалуы мүмкін деген нұсқаны тексеру үшін криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар келді. Жануар сол күні аудандағы елді мекендердің біріне жақын маңнан табылды.

Мал иесінің отбасы танымал әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлеріне алғысын жариялады. «Тәртіп сақшыларына шексіз ризамыз. Жылқы Измайловка ауылындағы үйіміздің ауласынан кетіп қалған. Өз күшімізбен іздеп нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне жұгінуді жөн көрдік. Дін аман жануар бір тәулікке жетпес уақыт ішінде таубылды.

Полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарына жануарларды назардан тыс қалдырмау керек екенін еске салады. Қаңғыбас мал ұрыларды қызықтырып қана қоймай, егістікті бүлдіреді және жол үстіне жүгіріп шығып, ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін. Сондықтан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабы еркін жайылым ережелерін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейді..

Полицейлер еркін жайылым фактілеріне жол бермеу үшін халықпен түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұрады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары қамауда тұрған малдары шығып кетпес үшін қора-қопсысын жөндеп, ретке келтіріп отыруы тиіс.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia