Петропавл полицейлері гаражда болған ұрлық қылмысын ашты

Петропавл полицейлері гаражда болған ұрлық қылмысын ашты

Солтүстікқазақстандық полицейлер облыс тұрғындарына күмәнді заттарды қолдан сатып алмау керектігін ескертеді. Егер күдікті адам төмен бағамен сатқан «тауар» ұрланған мүлік болып шықса, оны нақты иесіне қайтаруға тура келеді. Бұған 15 мың теңгеге «Trinx» велосипедін сатып алған қала тұрғыны көз жеткізді. Көп ұзамай велосипедті полицейлер жаңа иесінен тәркілеп алып кетті. Ол Петропавл тұрғынының «Путепровод 2» гараж кооперативіндегі көлікжайынан сол маркалы тағы бір басқа велосипедпен және титанды автодискілермен бірге ұрланған. Шығын сомасы 310 мың теңгені құрады.

Жәбірленушінің арызына сәйкес, қылмыс сәуір айының екінші жартысында жасалған. Белгісіз қылмыскер көршілес орналасқан көлікжай арқылы қабырғаны сындырып кірген. Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ұрланған заттың бір бөлігі тәркіленді, қалған мүлікті іздестіру шаралары қабылдануда. Күдікті тергеу изоляторында қамауда, — дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Ербол Тайбеков. – Азаматтардан шығу тегі күмәнді тауарларды қолдан сатып алмауды сұраймыз. Осы арқылы қылмыскерлерді жаңа ұрлыққа итермелейсіздер».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia