
Петропавл қаласының орталығында синтетикалық есірткіні жасырын жерге салып кету арқылы таратқан 22 жастағы азамат күдікке ілінді. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны Мичурин көшесінде ұстады. Жігіттен ұнтақ тәріздес затпен 36 полимерлік түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, 21 түйіншекте "мефедрон" психобелсенді заты, 15-нде "тұз" деп аталып жүрген α-PvP заты болғаны анықталды. Алынған синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы 28,08 грамды құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді.
"Есірткінің таралуына қарсы күрес — полиция жұмысындағы басты басымдықтардың бірі, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. - Жыл басынан бері облыста есірткі сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей, орта есеппен бес есірткі таратушының төртеуі синтетикалық есірткімен айналысады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК 297-бабының санкциясына сәйкес өткізу мақсатында есірткі сақтағаны үшін 10 жылға дейін, ірі мөлшерде – 12 жылға дейін, аса ірі мөлшерде - 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia