Петропавл полицейлері жоғалған үш жасар қызды 20 минут ішінде іздеп тапты

Петропавл полицейлері жоғалған үш жасар қызды 20 минут ішінде іздеп тапты

5 маусым сағат 09:40 шамасында Петропавл тұрғыны үш жасар немересінің жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласты. Әйел сәбиді қалалық емханалардың бірінің дәлізінде телефонмен қалдырып, өзі дәрігердің қабылдауына кіріп кеткен, осы уақытта қыз бала белгісіз бағытта кетіп қойған. Полицияның сыртқы қызметтері дереу жоғалған баланы іздеуге бағдарланды, келесі 20 минут ішінде учаскелік инспекторлар, ювеналдық полицейлер, патрульдік полиция батальоны мен өзге бөліністердің қызметкерлері іздеу шараларын жүргізді.

Қуанышқа орай, 363-ші нөмірлі автопатруль бүлдіршінді байқап қалды. Азамат Темірханов пен Бахтияр Досжанов айналадағы аулалардың біріне кіріп, үйлердің бірінің кіреберісіндегі ашық тұрған терезеден баланың жылаған даусын естіді. Ішке еніп төртінші қабаттан жоғалған баланы тапты. Бұл уақытта әжесі немересіне берген телефонға қоңырау шалуды тоқтатпаған. Тәртіп сақшылары қоңырауға жауап беріп, баланың табылғанын хабарлады. Полицейлерді көрген қыз бала тынышталып, көп ұзамай әжесіне табысталды. Оқиға орнына келген Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Жақсылық Байбосынов қала тұрғынымен профилактикалық әңгіме өткізді.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауын сұраймыз», — дейді ол. — Кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз жоғалып кетуінің әрбір фактісі төтенше жағдай ретінде бағаланады, олардың жүрген жерін анықтау үшін дереу барлық қажетті шаралар кешені қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, полицияға уақтылы жүгіну – жоғалған адамдардың қысқа мерзімде табылу ықтималдығын едәуір арттырады».