Қылмыстарды ашқан полицейлерге тұрғындар алғыстарын білдірді

Қылмыстарды ашқан полицейлерге тұрғындар алғыстарын білдірді

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың поштасына Тайынша ауданының тұрғындарынан қылмыстардың ашылуы үшін алғыс хаттар келіп түсті.

Аудан орталығы Тайынша қаласының тұрғыны полицейлерге пәтер ұрлығын ашқаны үшін ризашылығын білдірсе, ал кәсіпкер болып табылатын ауыл тұрғыны оның дүкенін өртеп жіберу фактісін ашқаны үшін алғысын білдірді. Өрт қою әрекеті өткен жылы орын алған. Қуанышқа орай, өрт едәуір зиян келтірген жоқ. Қазіргі уақытта кінәлі адам жазасын қоғамнан оқшаулаусыз өтеуде. «Тайынша ауданы ПБ-ның қызметкерлеріне қылмыстарды ашуда сәттілік, денсаулық, отбасыларында табыс пен амандық тілеймін», - деп жазды кәсіпкер.

«Полиция қызметкерлері осындай мазмұндағы фактілерді тергеумен күнделікті қызмет барысында айналысады. Олар тек өз міндеттерін орындады», — дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Нұрлыжан Ақтанов. «Тұрғындардың ризашылық полиция жұмысына осылай баға беруі – адамдардың полицияға және жалпы мемлекетке деген сенімінің маңызды көрсеткіші болып табылады».