Петропавлда халықаралық балаларды қорғау күні «Динамо – балаларға» акциясы өтті

Петропавлда халықаралық балаларды қорғау күні «Динамо – балаларға» акциясы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде СҚО полицейлері мен "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының өкілдері ерекше балалар мен тәуекел тобындағы балаларға спорттық мереке сыйлады. Солтүстікқазақстандықтардың төрт командасы үшін эстафета, дартс бойынша жарыстар, жұмбақ ойындар және басқа да конкурстар ұйымдастырылды. Іс-шараға асфальтта ашық ойындар мен сурет байқауын өткізген мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қосылды. Ювеналды полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларға нашақорлықтың зияны туралы бүктемелер таратты. Конкурстарға қатысқаны үшін тәттілер мен естелік сыйлықтардан басқа, төрт команданың әрқайсысы үшін 10 спорттық жиынтықтан сыйлық ретінде дайындалды.

"Биылғы жылы "Динамо – балаларға" дәстүрлі акциясы әр түрлі себептермен әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған балаларға арналды, — дейді "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев. — Біздің ортақ міндетіміз - оларды қолдау, салынған күш-жігердің ақталатынын және әрбір адам өмірден лайықты орын таба алатынын көрсету болды".