
Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында тексеру жұмыстары барысында учаскелік инспектор спиртті заңсыз сату фактісін анықтады. Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны өзінің автокөлігін жергілікті кафенің ауласына тығып қойып, тура көлік салонының ішінен жергілікті тұрғындарға және Петропавлдан келушілерге лицензиясы жоқ алкоголь құйылған 5 литрлік бөтелкелерді сатқан. Бұл өнімді сатуға рұқсат құжаттары болмаған. Полицейлер автокөліктен құрамында спирт бар 945 литр алкоголь құйылған 189 бөтелкені тәркіледі. Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жинады.
«Сатып алушылардың қолына сапасы ешкіммен тексерілмеген және кепілдендірілмеген өнімдер кеткенін атап өткен жөн, сол себепті ол тұтынушылардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін», — дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов. — Алкогольді шамадан тыс көп пайдалану көбінесе қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына әкеледі, бұл заңсыз саудаға қарсы күресті заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі етеді».