Полицейлер ауыл тұрғынынан 140 литр заңсыз алкоголь тәркіледі

Полицейлер ауыл тұрғынынан 140 литр заңсыз алкоголь тәркіледі

СҚО Есіл ауданында учаскелік полиция инспекторы үй-үйді тексеру кезінде бір үйдің ауласында түсіріп жатқан 14 жәшік арақты анықтайды. 35 жасар ауыл тұрғыны ащы суды өзіне белгісіз адамнан сатып алғаны туралы айтады. Сатып алынған ішімдікті үйіне жеткізу үшін танысына жүгінеді.

Тасымалдауға ешкандай құжат болмаған, 240 бөтелкенің бірде-біреуінде акциздік марка болмай шыққан. Сондай-ақ, тауарды қайдан, қандай жағдайда сатып алғаны жөнінде қойылған сұрақтарға ауыл тұрғыны жауап бере алмаған. Полицейлер сатып алынған тауарға қатысты мән-жайды, сондай-ақ Қазақстан аумағына мемлекеттік сапа бақылауынан өтпеген спирттік ішімдіктің қалай жеткізілгенін анықтайтын болады.

«Акциздік маркасы жоқ алкоголь сараптамаға жіберілді»,- деді Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбеков. - Ауыл тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 283-1-бабы «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу» бойынша материал жиналды».

Жалпы СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 220 литр спирттік ішімдік тәркіледі.

СҚО ПД баспасөз қызметі