Полицейлер жас қозғалыс инспекторларының үздік жасағын таңдады

Полицейлер жас қозғалыс инспекторларының үздік жасағын таңдады

СҚО-да 29-шы мәрте "Қауіпсіз дөңгелек" қозғалысының жас инспекторларының дәстүрлі жарысы өтті. Облыстың түкпір-түкпірінен жол қозғалысы ережелерінің жас білгірлері Петропавлдағы Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта жиналды. Оларды бірқатар байқаулар күтіп тұрды. Балалар саптық дайындықты және реттеушінің сигналдарын білу және велосипедті мәнерлеп жүргізу дағдыларын көрсетті. Ең жарқын шығармашылық байқау болды. ЖҚИ жасақтарының басты міндеті - бастауыш сынып оқушыларына жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін жеткізу. Мұны қызықты, есте қаларлық түрде жасай білуді балалар мәжіліс залының сахнасында қазылар алқасының алдында көрсетті.

Екінші және үшінші орындарды М. Жұмабаев ауданынан келген және Петропавлдан С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының жасақтары иеленді. Тимирязев ауданының жігіттері үздік деп танылды. "Қарсыластар мықты болды, бірақ біз жіті дайындалдық", — дейді команда мүшелерінің бірі, алтыншы сынып оқушысы Артур Рудий, мәнерлеп жүргізу байқауының жеңімпазы.

СҚО ПД ЖПҚ басқармасы басшылығының пікірінше, жолдардағы балалардың қауіпсіз мінез-құлқын насихаттау бойынша ЖҚИ жұмысы кішкентай азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. "Қауіпсіз дөңгелектің" жазғы демалыс қарсаңында өткізілетіні бекер емес — бұл барлық балалар мен олардың ата-аналарына ЖҚЕ талаптарын білу және қатаң орындау қажеттігін еске салудың тағы бір тәсілі", - деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

Марапаттау іс-шарасының жарқын сәті - ІІМ министрінің дипломын М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Нұрислам Кәрімовке тапсыру болды. Жас петропавлдық "Менің қаламдағы жол қауіпсіздігі" республикалық сурет байқауының үздік қатысушысы болып танылды. "Қауіпсіз дөңгелек" жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар мен медальдар табысталды, ал жеңімпаздар "Бурабай" демалыс аймағына сапарды жеңіп алды. Олар республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.