
"Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" — СҚО полицейлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған өз жобасын осылай атады. Жоба облыстық әкімдіктің білім басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Оның аясында облыстың үздік оқушылары мен студенттерін тәрбиелеп отырған отбасылар атап өтілуде. Бірінші болып 17 жастағы Ержан Молдаштың туыстары көтермеленді. Ол 22 спорттық медаль, көптеген грамоталар мен дипломдардың иегері, оқу үздігі, ҚР Тұңғыш Президентінің медалімен марапатталған. Тәртіп сақшылары Ержанның отбасына барып, ата-анасына алғыс хат беріп, ата-ананың тәрбиенің басты қағидаттары туралы не ойлайтынын сұрады.
Жас спортшының анасы Айнагүл Бағрамова: "Біздің үш ұлымыз бар, біз оларды туыстарымызға, достарымызға деген құрмет рухында тәрбиелеуге тырыстық", — дейді. — Оларға лайықты ұтыла білуді үйреттік - мүмкін біздің ұлдарымызға спорттан ең жақсысын алуға көмектескен де осы себеп шығар. Үлкені бокспен, ортаншысы футболмен айналысса, Ержан дзюдоға қызығушылық танытуда. Біз ұлдарымызға кез-келген жағдайда тәртіпті адамдар болып қалуды үйретеміз".
Отбасылық құндылықтар-жаман ықпалдан қорғайтын алғашқы қорғаныс екендігіне - СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди сенімді. Өтпелі жаста жасөспірімдер физикалық және моральдық денсаулықты сақтау үшін ата-аналардың қолдауы мен түсіністік танытуына мұқтаж. Полицейлер жобасы осы идеяны насихаттауға арналған.