
Петропавл қаласының шахмат клубы полиция қызметкерлеріне есігін айқара ашты. Мұнда ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында шахматтан іріктеу жарыстары өтті. Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогына арналған шахматтан бірінші республикалық турнирде облыстың спорттық намысын қорғайды.
Шахмат шайқастары жоғары ұлттық санаттағы төреші Александр Новичковтың басшылығымен өтті. Оларға Солтүстік Қазақстан полициясының 14 қызметкері қатысты. Үшінші орынды Әкімшілік полиция басқармасынан Данияр Іргебаев иеленді. Құрмет тұғырының екінші сатысына Уәлиханов ауданы ПБ-нен Мереке Нұрышкин көтерілді. Ал жарыстың көшбасшысы СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері Ілияс Оразбаев болды, ол "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп іс-шараны ұйымдастырушы болған.
Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы полиция майоры Орал Хамзин жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, оларға "Динамо" ДШСҚ естелік сыйлықтарын табыс етті. "Бүгін біздің алдымызда жаңа формациядағы полиция қызметкерін қалыптастыру міндеті тұр: жан — жақты дамыған, интеллектуалды, спорттық, - дейді ол. - Қызметкерлердің спорттық жетістіктерін ПД басшылығы өзін — өзі жетілдіруге деген ұмтылыстың белгісі-қазіргі қазақстандық полицейдің маңызды сапасы ретінде құптайды".