
25 жастағы жылдам жүру әуесқойын Петропавл қ. ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары сағат таңғы алтылар шамасында байқаған. Жолдастарының ортасында "Toyota" автокөлігін басқара отырып, ол рұқсат етілгеннен жоғары жылдамдықпен жүріп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Бағдар патрульдік нарядтарға берілді. Интернационал және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында жүргізуші ұсталды. Ол өзін агрессивті ұстап, медициналық тексеруден өтуден бас тартты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес куәландырудан бас тартқаны үшін жас жігіт 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, ол 8 жылға басқару құқығынан айырылды. Келесі жолы ол рөлге тек 33 жасында отыра алады.
"Сонымен қатар, тексеру барысында жас жігіттің ұсталғанға дейін ЖҚЕ бірнеше рет өрескел бұзғандығы анықталды", - деп хабарлайды СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. - Бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің бейне жүйелері "Toyota" автокөлігімен сағатына 140 км-ге дейін жылдамдықты 5 рет асырғанын тіркеді. Осы бұзушылықтар үшін жалпы айыппұл сомасы 345 мың теңгені құрады".
Айта кетерлік жайт, бүгінде облыста жол қозғалысы ережелерін бұзудың 35 автоматты фото және бейнетіркеу жүйесі жұмыс істейді. Олардың көмегімен жыл басынан бері жолдарда 20 мыңнан астам бұзушылық тіркелді.