400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері 43 блок-бекетте тәулік бойы кезекшілік етуде

400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері 43 блок-бекетте тәулік бойы кезекшілік етуде

Бүгінгі таңда СҚО-да қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 43 блок-бекет жұмыс істеуде. Олардың бесеуі - Петропавлда, басқалары – облыс аудандарында. Тәулік бойы 400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері жұмыс істеді.

Шекаралас Мамлютка қаласынан шығатын жолдарда екі блок-бекет орналастырылған. Олардың әрқайсысында екі полиция қызметкері және екі дәрігер кезекшілік етеді. Барлық санитарлық нормаларға сәйкес дәрігерлер өтіп жатқан жүргізушілердің температурасын өлшейді, полиция қызметкерлері құжаттарды тексереді, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Мамлют ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжановтің айтуынша, Мамлют ауданы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен аудан аумағында карантин енгізілді. Күн сайын полиция қызметкерлері орталық аудандық аурухананың дәрігерлерімен бірге бірқатар шараларды жүргізеді. Біздің ортақ мақсатымыз – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу. Бүгінгі таңда ауданда екі блок-бекет пен бір карантиндік бекет жұмыс істеуде. Мамлютка қаласына себепсіз кіруге және шығуға тыйым салынған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері үй жағдайында карантинде отырған тұлғаларды күн сайынғы бақылауға алды.

Блок-бекет қызметкерлері автотехника, прожекторлар, жеке қорғаныс құралдары сияқты барлық қажетті заттармен жабдықталған. Олардың басты міндеті - инфекцияның таралуына жол бермеу, көліктердің блок-бекеттерден өтуін тек рұқсат беретін құжаттар арқылы жүзеге асыру. Көшелерді патрульдейтін полицейлер ерекше режимде жұмыс істеуде.

СҚО ПД бастығыныяң бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев айтып өткендей, осындай шаралар облыстың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандық 43 блок-бекеттерде 248 полиция және 150 медицина қызметкері кезекшілік етеді. Соңғы тәулікте облыста төтенше жағдай режимінің 18 бұзушылығы анықталды, олардың 6-ы облыс орталығында және 12-сі аудандарда орын алды. Полиция департаменті азаматтардан карантинге байланысты барлық шектеулерге түсіністікпен қарауды, өздерінің және жақындарының денсаулығына абай болуды және жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауды сұрайды.

СҚО ПД баспасөз қызметі