Егін егу науқаны қарсаңында СҚО полицейлері жарты тонна бидай ұрлығын ашты

Егін егу науқаны қарсаңында СҚО полицейлері жарты тонна бидай ұрлығын ашты

Қызылжар ауданының полиция бөліміне шаруа қожалығының басқарушысы жүгініп, Рассвет ауылындағы шаруашылықтың кептіру камерасынан белгісіз қылмыскер 500 келі бидайды қолды қылғаны туралы айтқан. Полиция қызметкерлері шаруа қожалығының аумағында бейнекамералардың болмағанын анықтады. Күзетші ұрлық болған кезде орнында болмаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бидай ұрлады деген күдікпен осы шаруашылықтың 1985 жылы туған екі жұмысшысы анықталып, ұсталды. Ұрланған бидай олардың бірінің үйінен табылып, алынды. Анықталғандай, олар бидайды біреуіне тиесілі мотоблокпен шығарып, жеке мақсаттарында пайдаланбақ болыпты. Қазір ұрланған бидай алынып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу жүріп жатыр.

СҚО ПД Криминалдық полиция қызметкерлері атап өткендей, егін науқанымен байланысты әр қылмыс ерекше бақылауға алынған. «27 сәуірден бастап барлық аймақтық бөліністердің қызметкерлері «Астық-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі шеңберіндегі жұмыстарды бастайды», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. – Дәнді дақылдардың, жанар-жағармайдың, гербицидтердің сақталуы, егін егу және орақ науқаны кезіндегі қылмыстарды ашу мен тергеу – полицияның мобильдік топтарының негізгі міндеттері. Іс-шара үш кезеңнен тұрады, яғни алғашқысы сәуірдің 27-нен мамырдың 31-і аралығы, екіншісі маусымның 20-ы мен шілденің 10-ы, үшіншісі – орақ науқаны кезінде тамыздың 20-нан қазанның 10-на дейінгі аралықта өтеді».

СҚО ПД баспасөз қызметі