
Жастардың дінге деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтіп, СҚО полицейлері студенттермен және колледж оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дін саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын жеткізуде. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оларға деструктивті діни ағымдарға тартылу қаупі туралы айтады. Тәртіп сақшылары Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-де екінші курс студенттерімен кезекті кездесу өткізді. Әңгіме тақырыбы экстремизм, терроризм және ғаламтор болды. Осының көмегімен жастар барлық мәліметтерді, соның ішінде дін туралы да біледі. Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде жат ағымның жетегінде кетіп, экстремистік идеологияның ықпалына түсу қаупі жоғары.
Студенттер сенімді ақпарат көздеріне, әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне белсенді қызығушылық танытты. Негізгі кеңестер: "бүкіләлемдік ғаламтор" кеңістігінде ұсынылған ресми дереккөздерге ғана сену қажет. Діни тақырыптағы мәселелерді қайта-қайта көтеріп, әңгімеге тартатын адамдармен қарым-қатынастан аулақ болу керек. Экстремистік идеология ерте ме, кеш пе, жеке тұлғаны қалыпты өмір сүруден тайдыруы мүмкін екенін есте сақтау қажет.