СҚО-да табиғатты қорғау тобының полицейі жоғалып кеткен 5 жасар баланы іздеп тапты

СҚО-да табиғатты қорғау тобының полицейі жоғалып кеткен 5 жасар баланы іздеп тапты

Аққайың ауданында тұратын егде жастағы ерлі-зайыптылардың немересі жоғалып, біраз әбігерге түсті. 71 жастағы ауыл тұрғыны Петропавлдан келген 5 жасар немересін ертіп, көл жағасында серуендемек болған. Ер бала ойнап жүріп орманда адасып, көлік қозғалысы көп «Петропавл – Булаево» жолына шыққан. Қуанышқа орай, оны табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкері Қанат Дүйсембаев байқап қалды. Ол «Уылдырық шашу» акциясы шеңберінде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жүрген. Бала көл жағасына келгенін айтқан. Полиция қызметкері жақын маңдағы ормандар мен көлдерді аралай бастады. Көп ұзамай «ВАЗ-2115» автокөлігі де көзге түсті. Кішкентай баланы осы уақытта атасы да іздепті.

«Бүлдіршін жақындарына жеткізілді», - дейді Аққайың аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. – Зейнеткерлермен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізілді. Барлық азаматтардан кішкентай балаларына бас-көз болып, қараусыз қалдырмауды сұраймыз».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia