Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері шалғай ауданда тұратын жас әкенің жаңа туған жас сәбиін шығарып алу үшін облыс орталығына жетуіне көмектесті.
Пандемияға қарсы күресте оқшаулау шаралары енгізілгеннен бері полиция қызметкерлері елді мекендерден шыға берісте орналасқан санитарлық бекеттерде тәуліктік кезекшілік атқарады. Карантин режимінде полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын басшылыққа алады. Полицейлер әр нақты жағдайға жеке қарауға тырысады. Өткен апта соңында Тимирязев ауылының 26 жасар тұрғыны Юрий Шветов жаңа туған баласын перзентханадан шығарып алу үшін Петропавлға бару мәселесімен аудандық әкімдікке жүгінген. Әкімдік қызметкерлері Жергілікті полиция қызметі басқармасымен байланысып, нәтижесінде карантин кезінде Тимирязев ауылынан облыстық перинаталдық орталығына дейін Юрий үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырылды.
«Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бізбен дене қызуын өлшеу, дезинфекция жасау сияқты барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтаумен блок-бекеттерден өткізу ұйымдастырылды. Ауыл тұрғынын перинаталдық орталыққа және орталықтан бекетке дейін шығарып салдық, сапар соңында байланыс нөмірлерімен алмастық», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Сайран Сәркенов.
Богдан балақай 17 наурыз дүниеге келген. Денсаулығына байланысты ауруханадан тек бүгін шығарылды. Анасы – 25 жасар Юлия әзірше дәрігерлердің қарауында. Бөбек бақытты әкесінің қолына табысталып, алғашқы естелік сурет полицейлермен түсірілді.
Юрий мен Юлия 2012 жылы отау құрған. Богдан олардың екінші ұлдары, үлкен ұлының есімі - Роман, оған 3 жас 4 ай. Карантинге қарамастан, 240 шақырым шалғайда орналасқан Тимирязев ауылынан кедергісіз Петропавлға жетіп, кіші ұлын құшағына алғанына жас әке өте қуанышты. Юрий Шветов жарының ауруханадан шығуын асыға күтуде, кейін отбасы түгел жиналып карантин аяқталғанша уақыттарын үйде өткізеді.
Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы