
27 сәуірге қараған түні Қызылжар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол жеке үйдің шатырының түтіндеп жатқандығы туралы хабарлады. Кейіннен белгілі болғандай, әйел толқудан шұғыл қоңыраулардың нөмірлерін шатастырып алып, содан кейін ғана өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған. Сонымен қатар, оқиға орнына ПБ кезекші қызметкерлері — учаскелік инспектор Әсет Тоқтамыс және әкімшілік полиция қызметкері Жанболат Әділов жіберілді. Түтіндеудің себебі - шатырдағы үгінділер болды.
"Бақытымызға орай, түнде қатты жел болғанына қарамастан, от тұтанып үлгермеген", — дейді Жанболат Әділов. – Өрт сөндірушілер бізден кейін бес минут өткен соң келді, осы уақытқа дейін біз өртті сөндіре алдық. Тұрғындар пешті түсте жандырғанын айтты. Олар жел әкелген ұшқын қиындыққа әкелді деп санайды. Жеке үйлерде тұратын барлық адамдарға қырағы болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз".
Өрт енді адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтініне көз жеткізген полиция қызметкерлері кезекшілікке оралды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia