Полицейлер петропавлдық жүргізушінің көлігін 20 шақырым бойы сүйреп, діттеген жеріне жеткізді

Полицейлер петропавлдық жүргізушінің көлігін 20 шақырым бойы сүйреп, діттеген жеріне жеткізді
Патрульдік полицейлер петропавлдық жүргізуші басқарған «ЗАЗ Chance» автокөлігін 20 шақырым бойы сүйреп, қажетті жеріне жеткізді. Облыс орталығынан Булаево қаласына бет алып бара жатқан осы автомашинадағы жолаушы әйел болған оқиға жайлы айтып, полицейлерге алғысын білдірді. Бейнежазбаны жергілікті пабликтерде жариялады.

Таңғы сағат 10 шамасында «Челябі-Новосібір» автожолында өздеріне бекітілген учаскеде кезекшілікте жүрген СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Азамат Таласбаев пен Рүстем Рамазанов Ганькино ауылына апаратын бұрылыста жол шетінде капотын ашып қойып тұрған автокөлікті байқады. Жүргізуші қозғалтқыштағы ақауды өзі жөндеп алмақ болса да, көлік оталмаған. Жол сақшылары көмектерін ұсынып, көлікті сүйреп оталдыруға кеңес берді. Қуанышқа орай, көлік оталды. Полицейлер көлікті ағытып, жұмыстарына көшті. Алайда айнадан артта келе жатқан көліктің қайта тоқтап қалғанын көріп, қайта оралды. Көлікті Булаево қаласындағы техникалық қызмет кызмет көрсету станциясына жеткізіп салу туралы шешім қабылданды.

«Кезекші бөлімге хабарласып, жағдайды баяндадық, - дейді полиция капитаны Азамат Таласбаев. – Көлікті ТҚКС-қа жеткіздік, жаңа қосалқы бөлшектерін салып, жөнделді. Жүргізушілер алыс жолға шықпас бұрын темір тұлпарларының жарамдылығын тексеріп алуы қажет. Әрі қажетті құрал-жабдықтарды бірге алып жүруді құмытпау керек».

#SQO_PD_ЖОЛДАҒЫКӨМЕК #ДП_СКО_ПОМОЩЬНАДОРОГЕ
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia