
Полиция аға лейтенанты Саят Елубаев өткен аптада Павлодар қаласында өткізілген «Алтын мерген-2023» мергендер арасындағы республикалық турнирінен жеңімпаз болып оралды. Оған облыстардың полиция департаменттері мен арнайы құрылымдардың 12 командасынан 80-нен астам қызметкер қатысты.
«Тізерлеп, түрегеп тұрып және т.б қимылдар жасап әр түрлі қашықтықтан нысананы көздеп аттық. Барлығы 11 жаттығуда бағымызды сынадық, - дейді Саят. – Жауынгерлік қарудан оқ атқанда ауа райы да әсер етті. Жел тікесінен, қырдан үрлеп тұрды. Дөп тигізу үшін нысананы көздегенде түзетулер енгізе отырып аттық. Қарсыластар тәжірибелі, жақсы дайындалып келген. Алайда, өзімнің жинаған тәжірибемнің де көмегі тиді. Тапсырмалардың жылдам орындалу уақыты және нысанаға тигізу көрсеткіштері есепке алынып, мен бірінші орынды иелендім».
Айта кету қажет, бұл солтүстікқазақстандық полицейлердің осындай турнирдегі биылғы жылғы екінші жеңісі. Алғашқы жеңістеріне Алматы қаласында аты аңызға айналған командир Борис Керімбаевты еске алуға арналған практикалық атыстан өткен жарыста қол жеткізді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia